Соңғы жаңарту: 4 қараша 2026
QoldauApp стримерлерге донат хабарламаларын (алерт, виджет, мақсат, статистика) эфирде көрсетуге көмектеседі. Қызмет «қалай бар, солай» беріледі, үзіліссіз жұмысына кепілдік жоқ.
QoldauApp донат төлемдерін қабылдамайды және өңдемейді. Донаттар тікелей сенің банк шотыңа түседі. Банк ережелері мен салық міндеттемелері үшін өзің жауап бересің. Қызмет банктің ресми өнімі емес және онымен байланысты емес. Банк хабарлама форматын өзгертсе, қызмет уақытша дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қызмет алғашында 7 күн тегін сынақпен беріледі, одан кейін ақылы тарифтермен (баға мен мерзімдер «Төлем» бетінде көрсетіледі). Төлем Kaspi арқылы аударым ретінде, жеке код көрсетіліп жасалады, мерзім төлем түскен соң ұзарады. Мерзім біткенде алерттер мен телефон сілтемесі тоқтайды, деректер сақталады. Пайдаланылған мерзім үшін төлем қайтарылмайды. Қызмет көрсетілмей қалса не төлем есепке алынбаса, қолдау қызметіне жаз, мәселені қарап шығамыз.
Жүктеген файлдар мен эфирде көрсетілетін мәтін үшін өзің жауаптысың. Заңсыз, қорлайтын, зорлық-зомбылыққа шақыратын, сенің құқығың жоқ материалдарды жүктеуге болмайды. Донат комментарийлерін сүзгілеу құралдары (тыйым салынған сөздер) бар, бірақ толық сүзгіге кепілдік жоқ.
Ережелер бұзылса немесе қауіпсіздікке қауіп төнсе, әкімшілік аккаунтты уақытша бұғаттауға немесе өшіруге құқылы.
Қызмет ақаулары, үзілістер, деректердің жоғалуы (мысалы, хостингтегі сәтсіздік) немесе донат хабарламасының көрсетілмей қалуы салдарынан келген шығын үшін заң рұқсат еткен шекте жауап бермейміз. Маңызды деректеріңнің көшірмесін (CSV) уақытында сақтап отыр.
Деректермен жұмыс Құпиялық саясатында сипатталған.
Шарттар жаңарса, осы бетте көрсетіледі. Қызметті пайдалануды жалғастыру жаңа шарттармен келісуді білдіреді.
Байланыс: qoldauapp@proton.me