Соңғы жаңарту: 4 қараша 2026
QoldauApp — стримерлерге донат хабарламаларын эфирде көрсетуге арналған веб-қызмет. Біз донат ақшасын қабылдамаймыз және сақтамаймыз: төлем тікелей стример мен донат жіберушінің арасында банк арқылы өтеді. Қызметті пайдалану ақысы бөлек және ол қызмет иесіне аударылады.
Қызметті көрсету (донатты эфирде көрсету, статистика), аккаунт қауіпсіздігі, кіру кодтарын поштаға жіберу, қызмет сапасын сақтау. Деректеріңді сатпаймыз және жарнама үшін бермейміз.
Қызмет әкімшілігі қауіпсіздік пен қолдау мақсатында аккаунт мәліметтерін (пошта, ник, стрим сілтемесі, белсенділік, құрылғылар, донат саны мен сомасы) көре алады. Құпиясөзді көре алмайды. Әкімші әрекеттері журналға жазылады. Деректер заң бойынша талап етілмесе, үшінші тұлғаларға берілмейді.
Деректер бұлттық серверлерде (хостинг және дерекқор провайдерлері, Қазақстаннан тыс болуы мүмкін) сақталады. Хаттар пошта жіберу қызметі арқылы жіберіледі. Деректер тасымалданғанда шифрланған байланыспен (HTTPS) беріледі.
Аккаунтың бар болғанша. Аккаунтты өшіру туралы өтініш бергеннен кейін барлық деректер (профиль, донаттар, файлдар) өшіріледі.
Деректеріңді көруге, түзетуге, көшіріп алуға (Донаттар бөліміндегі CSV) және аккаунтты өшіртуге құқығың бар. Профильді Аккаунт бөлімінде өзгертесің, өшіру үшін байланысқа шық: qoldauapp@proton.me.
Құпиясөздер scrypt арқылы хэштеледі, сессиялар серверде бақыланады және кез келген уақытта Аккаунт → Құрылғылар бөлімінен тоқтатылады, екі сатылы тексеру (2FA) қолдау көрсетіледі. Ешқандай жүйе 100% қорғалмаған, сондықтан күшті құпиясөз мен 2FA қолдануды ұсынамыз.
Саясат жаңарса, осы бетте көрсетіледі.
Байланыс: qoldauapp@proton.me